Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңызҚазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады. Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi: - ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару); - мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау; - басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау; - экономиканы ақша-несие арқылы реттеу; - коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету; - банктердiң, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б. Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады. Азіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз. Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады. 48. Экономикалық теория мен экономикалық саясаттың өзара қарым-қатынасы қандай. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін сипаттаңыз. Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық, ғылыми_техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды. • сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді); • шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат; • валюталық саясат. Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: • тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы; • материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы. 49. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін көрсетіңіз және негіздеңіз. Бұл проблемалар басқару тәсілі және экономикалық процесстердің динамикасы, ұдайы өңдіріс құрылымының әсерімен тығыз байланысты болып, жалпы экономикалық аспектіні айқындап көрсете түседі. Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өңдіріс қызметі мен өмір жағдайын деградациялау болып табылмақ. Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процесстердің әсеріне ұшырап отырады: Милитаризация мен қару-жарақтану; Қоршаған ортаның төзімсіз ластануы; Қауіпті аурулардың таралуы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б. Дамушы елдердегі демографиялық процесстердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы; Жаппай мәдениеттілікті уағыздау әсерінен ұлттық мәдениеттің ыдырауы; Дүниежүзілік мұхит байлығын бақылаусыз қанау. Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси экономикалық, ғылыми-техникалық күштерінің бірігуі нәтижесінде шешуге болады. Барлық халықтар адамзатты ядролық соғыс зардабынан құтқару, экологиялық катастрофаны болдырмау, дамушы елдердегі халықтардың кедейленуін барынша бетін қайтаруға мүдделі. Осы айтылған өмірлік сауалдардан дұрыс шешім қабылдау – халықтардың өмір сүріп кетуіне жағдай жасап, өркениеттіліктің дамуына сатылап көшу деген
|