Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алматы 2014АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ И. СӘТБАЕВ атындағы АЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін Экономика және Бизнес институтының директоры, э.ғ.д., профессор ____________ С.Б.Абдығаппарова «___» _________________2014 ж. 5В072900, 5В073100 мамандығының (мамандық шифрі және атауы) студенттері үшін Экономикалық теория негіздері пәні бойынша (пән атауы) адам саны 103 емтихандық тестілеуге арналған ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
Тест сұрақтарының саны _____________ 100_________________
Алматы 2014
$$$ 1 Экономикалық теория нені зерттеп анықтайды? A) Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін товарларды өндіруде шектеулі ресурстарды қоғам қалай пайдалануынзерттейді; B) ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды; адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін; С) қоғамның өндіргіш күштерін; D) адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін; E) өндірісі технологиясын.
$$$ 2 Саяси экономия ұғымын өз еңбегінде бірінші болып қолданған: A) Альфред Маршалл; B) Аристотель; C) Адам Смит; D) Карл Маркс; E) Антуан де Монкретьен.
$$$ 3 "Экономикс" атауы кімнің еңбек-зерттеулерімен ғылым саласын анықтайтын болды? A) Альфред Маршаллдың; B) Жан Батист Сэйдің; C) Джон Стюарт Милльдің; D) Джон Мейнард Кейнстің; E) Пол Самуэлсонның.
$$$ 4 Микроэкономика қандай мәселені зерттейтін ғылым саласы ретінде анықтаулы мүмкін? A) жеке тұтынушылар топтарының, фирмалардың және ресурс иелерінің экономикалық іс-әрекеттерін; B) жеке-дара кәсіпкерлердің, ұсақ фирмалардың экономикалық іс-әрекеттерін; C) қоғамдағы әртүрлі тап өкілдерінің арақатынастарын; D) экономикалық зерттеулерде микрокомпьютерлердің пайдалануын; E) тауар ақша қатынастарын.
$$$ 5 Макроэкономика экономикалық теорияның бағыты ретінде нені зерттеп анықтайды? A) экономикадағы мемлекеттің орнын; B) біртұтас жүйе ретінде алынған ұлттық экономикадағы болып жатқан процестерді; C) адамзат дамуындағы ғаламдық экономикалық мәселелерді; D) саяси экономия зерттеген проблемаларды; E) адамдар арасындағы қатынастарды.
$$$ 6 Экономикалық ғылымның зерттеу әдісі нені білдіреді? A) барлық біліп-тану әдістерінің оптималды қолдануын; B) нақты алынған мәліметтер жиынтығын; C) пәннің құрылымын; D) ғалымның көзқарастық қағидаларын; E) тәжірибелік бақылау.
$$$ 7 Әкімшілдік-әміршілдік экономика қалай сипатталады: A) Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікпен; B) Орталықтандырылған басқарумен; C) Нарықтық процестерге мемлекеттің қатысуымен; D) Мәдени және идеологиялық құндылықтардан тәуелді шешімдер қабылдаумен; E) Ұсыныс пен сұраныстың қатынасының нақты мехенизмімен.
$$$ 8 Аралас экономика жүйесі дегеніміз: A) Дамуы, мемлекет жетімі және нарықпен реттелетін алуан түрлі меншік нысандарына негізделген экономикалық жүйе; B) Шаруашылық дамуы, баға тетігі мен мемлекеттік басқару арқылы реттелетін, жеке меншікке негізделген жүйе; C) Мемлекеттік, орталықтандырылған және жоспарлы реттеу әдістерне негізделген экономикалық жүйе; D) Өндіріс ресурстарының іс жүзінде қолданыс табуы дәстүрлер мен өндірісті жоспарлау арқылы анықталатын экономикалық жүйе; E) Нарықтық және дәстүрлі реттеуге негізделген жүйе.
$$$ 9 Дәстүрлі экономика: A) Әкімшілікті басқарудағы экономика; B) Ұлттық көзқарастары қалыптасқан экономика; C) Таза рыноктық қатынастарға негізделген экономика; D) Халықтық дәстүр, әдет-ғұрып, табиғи заңдар тұрғысынан басқарылатын экономика; E) Дәстүрлі рыноктық жоспарлау қалыптасқан экономика;
$$$ 10 Негізгі капитал бұл: A) Өндірісте толық жұмсалатын және өз құнын біртіндеп сіңіретін капитал; B) Өз құрамына қажетті құралдарды қосатын негізгі капитал; C) Бағалы заттар, соның ішінде жылжымайтын мүлік; D) Өндірісте біртіндеп жұмсалатын және өз құнын бірден сіңіретін капитал; E) Айналмалы өндірістік капитал.
$$$ 11 Еңбек өнімділігі қатынасымен өлшенеді, төмендегілердің қатынасымен: A) Капитал шығынының еңбек шығындарына; B) Өнімнің нақты көлемінің сағаттар санына; C) Жұмыс уақыты сағаттар санының өнімінің нақты көлеміне; D) Өнімнің нақты көлемінің халық санына; E) Капитал шығынының өнімінің нақты көлеміне.
$$$ 12 Айналмалы капитал – бұл: A) Шикізат, материалдар, ресурстар, отын, электр қуаты; B) Жалгерлік ақы, банктік пайыз және сақтандыру төлемдері; C) Ғимарат, станоктар, жабдықтар; D) Бағалы материалдар (құнды металдар, тастар); E) Өндіріс жүйесінде айналыста болатын капитал.
$$$ 13 Капиталдың ауыспалы айналымы – бұл: A) Тауардың өндіріс және айналыс процесін қамтитын және капиталдың бастапқы ақшалай формасына қайтарылуымен аяқталатын капитал қозғалысының бір циклі; B) Жасалынатын тауарлардың тек айналыс процесін қамтитын капиталдың қозғалысы; C) Айналыс пен өндірістің барлық кезеңдерін қамтитын капитал қозғалысының бірнеше циклдері; D) Тауардың тек өндіріс процесін қамтитын капиталдың қозғалысы; E) Капиталдың айналыс кезеңінен ақшалай формасына өтуі.
$$$ 14 Төмендегілердің қайсысы таза бәсекелі еңбек нарығын сипаттайды: A) Жалақы қойылымын фирмалар да, жұмысшылар да бақылай алмайды; B) Жалақыны фирма орнатады, бірақ жалақы қойылымы жалданған жұмысшылар санына тәуелді; C) Жұмысшылар бір фирмада шоғырланған;
$$$ 15 «Қалай өндіру керек» проблемасы тұрмайды, егер: A) Егер өндіріс ресурстарының саны қатаң тұрақтылығы және «нақты тауарға» байланысты; B) Адамдардың тұтынуына қажетті өндіріс ресурстарының шектеулі қоры болған жағдайда; C) Техникалық дамыған қоғамды, яғни бұл проблема тек қана техника жағынан болғанда; D) Егер экономика спецификалық экономикалық заңдарының әсерін сезбесе; E) Егер қоғам шет жақтан коррупциялық кедергісіз қызмет етсе.
$$$ 16 Адамдардың төлеуге қабілеттілігі мен қалауын қандай термин сипаттайды: A) Қажеттілік; B) Сұраныс; C) Өте қажеттілік; D) Қалауы; E) Мүмкіндік.
$$$ 17 Нарықтық экономикада “қалай өндіру” мәселесі шешіледі A) Соңғы өнім бағасы арқылы анықталатын, тұтыну сұранысы көлемі мен динамикасы негізінде; B) Өндірушілердің пайда алуға және шығындарын минималдауға ұмтылуы арқылы; C) Экономикада өндіріс құрал-жабдықтарын кең түрде пайдалану негізінде; D) Өндірістің әртүрлі техналогиялық әдістерін пайдаланылатын мамандандыру негізінде; E) Өндірушілердің өндірісті ұлғайтуға ұмтылуы арқылы.
$$$ 18 “Не өндіру керек” деген мәселені нарықтық экономикада байланысты: A) Экономикадағы мамандану деңгейін анықтаумен; B) Өндіріс құрал-жабдықтарын әлде тұтыну заттарын өндіруді таңдау; C) Дамуы өкіметке байланысты болатын жүйені құру; D) Жетілген бәсеке нарығының дамуымен; E) Монополияның дамуымен.
$$$ 19 Айнымалы шығындар дегеніміз: A) Мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелсіз өндіріс факторларының шығыны; B) Ресурс, шикізат, жалақы төлеуге байланысты шығындар; C) Кейбір коммуналды қызметтерге, сақтандыру жарналарын және банк несиесін өтеуге жұмсалатын шығындар; D) Ресурстардың сатып алу кезіндегі бағасының шығындары; E) Қоғам қажеттіліктеріне байланысты үнемі өзгеріп отыратын өндіріс шығындары.
$$$ 20 Тұрақты шығындар дегеніміз не: A) Негізгі қорларды пайдаланумен байланысты шығындар; B) Жалақының орнын толтыруға кеткен шығындармен байланысты шығындар; C) Банк несиелерінің орнын толтыру мен сақтандыру салымдарын төлеумен байланысты шығындар; D) Шикізат ресурстар электр қуатымен байланысты шығындар; E) Өндіріс көлемінен тәуелді өндіріс факторларының орнын толтырумен байланысты шығындар.
$$$ 21 Экономикалық пайда – бұл: A) Барлық айқын және айқын емес шығындар сомасы; B) Барлық тұрақты және айнымалы шығындар сомасы; C) Жалпы пайда мен барлық шығындар арасындағы айырмашылық; D) Жалпы пайда мен тек айқын шығындар арасындағы айырмашылық; E) Орташа жалпы шығындар мен орташа айнымалы шығындар арасындағы айырмашылық.
$$$ 22 Фирманың айқын шығындары – бұл: A) Өндіріс факторларын пайдаланудағы фирманың нақты шығындары; B) Компанияның өндіріске шикізат сатып алуға және жалақы төлеуге кеткен шығындары; C) Меншікті ресурстарын пайдаланудағы фирманың ішкі шығындары; D) Фирманың шығаратын әрбір өнімдер бірлігіне жұмсайтын шығындары; E) Несие пайызын төлеуге байланысты шығындар.
$$$ 23 Жалпы шығындар формуласын көрсетіңіз: A) АТС = АVС + АFС + МС; B) АТС = VС + FС; C) МС = АС / АТС; D) АС = TС + FС; E) ТС = VC + FC.
$$$ 24 Өндірістің айқын емес шығындары – бұл: A) Өндіріс факторларын сатып алуға кететін фирма шығындары; B) Фирманың меншікті ресурстарын пайдаланудағы балама шығындары; C) Жұмыс күшіне жалақы, сақтандыру жарналары түріндегі фирма; D) Төлемдері басқа ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін фирманың төлемдері; E) Фирманың электр қуатын пайдаланғаны үшін, жалгерлік төлемдері үшін кететін ішкі шығындар.
$$$ 25 Таза ұлттық өнім бұл: A) Аммортизациялық төлем сомасына азайтылған ЖҰӨ; B) Жеке табыспен жекеленген салықтың арасындағы айырма; C) Жалпы ішкі өнім қосылған ұлттық табыс; D) Түпкі тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтердің құны; E) Өндірістік шығындарды қоспағандағы таза күйіндегі тауарлар мен қызметтердің құны.
$$$ 26 Қолдағы табыс – бұл: A) Жеке салықтарды және салықтық емес төлемдерді шегергеннен кейін қалатын жеке табыс; B) Жалақы және капиал сомасы; C) Жалақы, капитал пайызынан шегерілген жеке табыс салығы; D) Барлық жауаптары дұрыс емес; E) Есептелінген жалақы.
$$$ 27 Жалпы ішкі өнім бұл: A) Қазіргі даму кезеңінде адамдар еңбегімен жасалған және белгілі бір уақытта қоғам иелігінде болатын материалдық құндылықтар жиынтығы; B) Ағымдық бағада көрінетін ұлттық өнім; C) Таза ұлттық өніммен салық арасындағы айырмашылық; D) Елдің кәсіпорындарында өндірілген материалдық игіліктер жиынтығының құны; E) Осы елдің өндіріс факторларын пайдалана отырып елде жасалған товарлар мен қызметтердің жиынтық құны.
$$$ 28 Инфляция деп айтуға болады, егер: A) Ноу-хау автоқұрылысқа байланысты автокөлікке көтеріңкі баға; B) Өнеркәсіп еңбегінің өсуімен салыстырғанда еңбек ақының өсуінің алға шығуы; C) Құрылыс материалдарына көтеріңкі бағамен байланысты өтпелі толқын; D) Табиғаттың қолайсыз жағдайына байланысты картоптың бағасының қымбаттауы; E) Сұраныстың көбеюіне байланысты бағаның өсуі.
$$$ 29 Коммерциялық банк – бұл: A) Ең алдымен депозиттер ашу мен қарыз беруге байланысты қызмет көрсету диапазоны кең банктер; B) Ақша айналымын бақылайтын, ақша-несие саясатын жүргізетін, кассалық қызмет көрсету және есеп айырысуды ұйымдастыратын, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін банктер; C) Өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарын несиемен қамтамасыз етудегі әмбебап операцияларды халықтың салымдары негізінде жүргізетін банктер; D) Компаниялардың қаржылық есебін бағалау, қызметтерін жүзеге асыратын және олардың тиімді және пайдалы қызмет етуін қамтамасыз ететін банктер; E) Салымшылардың және ұйымдардың қорына қызмет көрсететін қаржылық мекеме.
$$$ 30 Банктік несие – бұл: A) Банктермен, арнайы несие мекемелерімен, иеленушілермен ұсынылатын ақшалай қарыз; B) Қарызгер ретінде жергілікті органдар немесе мемлекет болып табылатын, несие қатынастарының жиынтығы; C) Қарыз капиталының халықаралық банктер мен ұйымдар арасындағы қозғалыс; D) Жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы алынған ақшадай қарыз; E) Сатып алушылармен төленетін, дүкендердің тауарларды сатып алу үшін банктің беретін ақша құралдары.
$$$ 31 Басқарудың әкімшілік мектеп өкілі кім: A) Анри Файоль; B) Джоан Робинсон; C) Альфред Маршалл; D) Адам Смит; E) Бем-Баверк.
$$$ 32 “Адамдар ара қатынас мектебінің өкілдері” болып табылады: A) Анри Файоль және Мери Фоллет; B) Фредрих Тейлор және Элто Мэйо; C) Уильям Петти және Адам Смит; D) Джон Кейнс және Фредрик Тейлор; E) Мери Фоллет және Элтон Мэйо.
$$$ 33 К.Маркстің экономикалық теориясының негізгі ережелері: A) Экономикалық өсу теориясы; B) Өндірістің үш факторы теориясы; C) Қосымша құн теориясы; D) Тұтынушының іс-әрекеттік теориясы; E) Еңбек құны теориясы.
$$$ 34 А.Смит - қай мектептің негізін қалаушы? A) Меркантилизм; B) Классикалық саяси экономия; C) Марксизм; D) Маржинализм; E) Физиократизм.
$$$ 35 Меншік дегеніміз экономикалық категория ретінде: A) Мүлікті иемдену және шаруашылықта пайдалану жөніндегі адамдар арасындағы нақты қатынастар; B) Заңдық құқықтар негізінде меншікті иемденіп алу; C) Қоғамдық өндірістік факторлардың айырықша реттелетін формасы ретінде көрінетін заттар жөніндегі адамдар арасындағы қарым-қатынастар көрінісі; D) Адам еңбегімен жасалатын және толығымен өзіне қалатын игіліктер; E) Жеке адамның дербес пайдалануында болатын заттар.
$$$ 36 Жекешелендіру дегеніміз – бұл: A) Өндіріс объектілерін жеке азаматтарға беру процесі; B) Жеке меншікті қайта құруға бағытталған мемлекет саясаты; C) Мемлекеттік және муниципалды меншікті жеке немесе ұжымдық етіп қайта құру процесі; D) Ел азаматтарына тұрғын үйлерді сату жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру; E) Ірі және ұсақ кәсіпорындарды нарық бағасымен сату сатып алу процесі.
$$$ 37 Қосымша құн – бұл: A) Елде өндірілген барлық соңғы өнімдердің жалпы нарықтық құны; B) Өндірілген өнім көлемінің нарықтық бағасынан тұтынылған шикізаттар мен өндірісте пайдаланылған материалдар құнын шегеру; C) Осы кәсіпорынның өндіріс процесінде жасалған және нақты өнім құнын жасауда кәсіпорынның нақты үлесін қамтитын құн; D) Ел ішінде және елден тыс жасалған соңғы тауарлармен қызметтердің жалпы құны; E) Тауар бағасына қосылған құн.
$$$ 38 Маркетинг – бұл: A) Барлық өндірістік және өткізу шараларын тиімді ұйымдастыру; B) Сұраныс немесе өткізу нарықтарын құру; C) Тауарлармен қызметтерге деген сұранысты болжау, басқару және қанағаттандыру; D) Бұл кәсіпкерлік қызмет арқылы тауарларды өндіруден тұтынушыға дейін жеткізуді басқару; E)& Өндірісті басқару жүйесі.
$$$ 39 Менеджмент – бұл: A) Товарды жасау мен өндіріс процесін жоспарлайтын ғылым; B) Фирма ауқымындағы өндірісті рационалды басқару туралы ғылым; C) Кәсіпорынның қызметімен тиімді шешімдер қабылдауды зерттейтін ғылым; D) Нарықтық сұранысты жедел қанағаттандырудағы өндірістің жұмысын ұйымдастыру туралы ғылым; E) Өнімге төлем қабілеті бар сұраныстың конъюнктурасы мен динамикасын зерттейтін ғылым.
$$$ 40 Өндіріс дегеніміз: A) Жұмыс күші және еңбек құралдары қолданылатын еңбек процесі; B) Өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында керекті игіліктер мен қызметтерді өндіру үшін адам баласының қоғам мен қарым-қатынасқа түсуі; C) Игіліктер мен қызметтер өндіру арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыру процесі; D) Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін материалды игіліктер мен қызметтерді өндіру мақсатында адам баласының табиғатпен өзара әрекеттесу процесі; E) Қоғам дамуы үшін табиғи игіліктерді пайдалану процесі.
$$$ 41 Тауардың тұтыну құны – бұл: A) Тауарды басқа тауарларға ауыстыру қасиеті; B) Бір тауардың бірнеше тауарға ауыстыру қасиеті: C) Тауардың қажеттілікті қанағаттандыру қасиеті; D) Тауардың бағасы және оның сиректігі; E) Өндіріс процесінде тұтынылған құн.
$$$ 42 Тауарды жасаудағы еңбектің екі жақты сипаты – бұл: A) Тауардың тұтыну және айырбас құнын жасайды; B) Нақты және абстрактілі еңбек; C) Қажетті және қосымша еңбек; D) Жай және күрделі еңбек; E) Ой және физикалық еңбек.
$$$ 43 Мемлекеттік бюджет-ол: A) Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық функцияларын қанағаттандыратын жүйе буындары; B) Үкіметтің басқаруындағы ірі орталықтандырылған қор; C) Мемлекеттік өнеркәсіптің өзіндік қор негізгі және айналмалы қорлар; D) Үкіметпен басқарылатын өзіндік қор; E) Елдің барлық кәсіпорындары мен ұйымдарын қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджет.
$$$ 44 Фискалды саясат—бұл: A) Мемлекеттік шығын және салық салу саясаты ұлттық өнімнің өсуі мен адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған, B) Мемлекеттік саясат жиынтық сұранысының өсіуіне бағытталған, мемлекеттің шығынының өсуіне немесе құлауының арқасында жүзеге асырылатын; C) Мемлекеттік саясат, жиынтық сұраныстың кемуіне бағытталған шығындардың кемуінің, салықтардың өсуі немесе бір уақытта кемуі мен өсуі; D) Федералдық өкіметтің қарызының өсуінің нәтижесіндегі пайыз қойылымының өсуі мен нәтижесінде экономикадағы жоспарланған таза инвестиция көлемінің қысқаруы; E) Экономикадағы нақты секторды несиелендіру.
$$$ 45 Егер міндетті резерв нормасы 100 % болса, онда ақша мультипликаторы неге тең: A) 1; B) 0; C) 10; D) 100; E) -1.
$$$ 46 Егер номиналды табыс 8 % -ал баға деңгей 10%-ке өскен болса, онда нақты табыс: A) 2 % -ке төмендейді; B) 2 % -ке артады; C) 18 % -ке өседі; D) 18 %-ке түседі; E) өзгермейді.
$$$ 47 Жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) - бұл: A) ел ішіндегі және шетелдерде орналасқан ұлттық кәсіпорындардың бір жыл мерзімінде шығарған өнімдерінің нарықтық құны; B) осы елдің тұрғындары алған барлық жеке табыстары; C) елдің ішінде (аумағында) орналасқан барлық кәсіпорындардың бір жылда шығарған өнімдерінің нарықтық құны; D) осы елде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы құны минус амортизация; E) экономикалық субъектердің жиынтық шығындары.
$$$ 48 Шешім қабылдау жауапкершілігі кімге артылады: A) кәсіпкерге; B) салық инспекциясына; C) бухгалтерге; D) мемлекетке; E) қоғамдық ұйымдарға.
$$$ 49 Номиналды еңбек ақы - бұл: A) белгілі жұмыс уақытына төленетін ақша сомасы; B) елдегі орташа еңбек ақы; C) бағалар индексі (көрсеткіші); D) ақшалай еңбек ақы табысының сатып алу шамасы; E) еңбек ақы сомасына сатып алынған тауарлар құны.
$$$ 50 Өзін-өзі қалпына келтіретін табиғат ресурстары - бұл: A) қоршаған орта; B) капитал; C) еңбек; D) қазба байлықтар; E) экономикалық ресурстар.
$$$ 51 Өндіріс шығындарын минималдау: A) пайдамен байланысты емес; B) пайда алуға және оны арттыруға мүмкіншілігі; C) бухгалтерлік пайданы қалыптастырады, экономикалық пайданы азайтады; D) пайданы төмендетеді; E) экономикалық пайданы қалыптастырады, бухгалтерлік пайданы азайтады.
$$$ 52 Таза инвестициялар - бұл:A) жалпы инвестициялар минус амортизация; B) өндірістік емес шығындар; C) жалпы инвестициялар тең амортизацияға; D) тұрғындардың жұмсаған ақшасы; E) жалпы инвестициялар минус салықтар.
$$$ 53 Өндірістегі негізгі капиталдың тұтыну жарнамасы - бұл: +A) амортизация; B) шетелдік инвестиция; C) жеке қажеттіліктерді жанамалы түрде қанағаттандыруға арналған қаржы; D) таза инвестиция; E) жалпы инвестициялар.
$$$ 54 Амортизация - бұл: A) негізгі капиталдың бір жылда тұтынылған құнына тең әр-жылдық аударым; B) мұражай құндылықтары көрмесін ұйымдастыруға байланысты жиналған қорлар; C) сауда қорынан (табысынан) төленетін төлемдер; D) уақытша пайдаланбаған кәсіпорын құралдары; E) қаржыны тәукелді пайдалану үшін төленетін төлем.
$$$ 55 Капиталдың айналымдық жылдамдығы - бұл: A) айналым уақыты; B) сатып өткізілген өнімдері үшін кәсіпорынға акция аудару мерзімі (жылдамдығы); C) жұмыс күшінің бір жылдық айналымы; D) ресурстардың бір жылда жасаған айналымдар саны; E) уақыт айналымы.
$$$ 56 Айналмалы өндіріс қорлары - бұл: A) өндіріс процесінде толық жұмсалатын, құнын дайын өнімге аударатын еңбек заттары; B) өндірісте жасалған дайын өнім; C) ғимараттар, үйлер, құрал-жабдықтар; D) тұтынушыларға тиеліп қойған дайын өнім; E) құны бөлшектеніп аударылатын өндіріс құралдары.
$$$ 57 Негізгі өндіріс қорлары - бұл: A) өндірісте ұзақ мерзім, сан рет қайталана пайдалынатын материалдық құралдар; B) өндірісте жасалған дайын өнім; C) тек бір өндіріс процесінде қатынасатын материалдық құралдар; D) акционерлік капитал; E) шикізат, материалдар, жұмыс күші.
$$$ 58 Кәсіпкерлік - бұл: A) жалданбалы еңбектің түрі; B) өндіріс факторларын (еңбек, капитал, жер) табыс алу үшін тиімді ұйымдастыру әрекеті; C) болжамсыз іс-әрекет; D) кез келген экономикалық іс-әрекет; E) тек өзінің қасиеттіліктерін қамтитын істер.
$$$ 59 «Не, қалай, кім үшін өндіру» мәселелері қандай экономикаға тән: А) өтпелі; В) әкімшілік; С) дәстүрлі; D) нарықты; E) барлық экономикаға.
$$$ 60 Ұсыныс заңы нені білдіреді: A) баға мен сатылатын тауарлар көлемінің арасындағы тікелей байланысты; B) баға мен сатылатын тауарлар көлемнің кері байланысын; C) бірін бірі толықтыратын және бірін бірі алмастыратын тауарлардың өзара байланыстарын; D) әр тауардың икемділік өлшемін; E) ұсыныстың ресурстар бағаларынабайланыстылығын.
$$$ 61 Тауарлар мен қызметтер нарығы тепе-теңдік жағдайда болады, егер: A) ұсыныс көлемі сұраныс көлеміне тең болса; B) сатып алушылар мен сатушылар саны тұрақты болса; C) сұраныс ұсыныстан жоғары; D) баға сатып алушылар мен сатушыларды қанағаттандырады; E) пайда мен табыс бірдей болса.
$$$ 62 Сұраныс заңы нені білдіреді: A) сұраныс көлемінің тауар бағасына кері байланысын; B) сұраныс мөлшерінің тауар бағасына тікелей байланысын; C) сұранымның бағаға тәуелді болуы; D) сұранымның бағадын тыс жағдайлармен байланысты болуын; E) бағаның сұранысқа тәуелді болуын.
$$$ 63 Олигополия - бұл: A) біркелкі немесе әртүрлі тауарлар шығаратын бірнеше ірі фирмалар рынокта үстемдік жүргізеді; B) монополиялық жоғары пайда алу мақсатында құрылған ең ірі капиталистердің одағы; C) еркін бәсекелік рынок; D) бір ғана өндірушінің нарықта болуы; E) көп өндіруші және бір ғана тұтынушының нарықта болуы.
$$$ 64 Нарықтық шаруашылықтың негізгі субъектілері: A) үй шаоуашылықтар, бизнес және үкімет; B) жалданбалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері; C) өнеркәсіп сауда және қаржы капиталистері; D) өндіріс факторларының иелері; E) кәсіподақтар, кәсіпкерлер одағы, мемлекеттік құрылымдар.
$$$ 65 Қазақстан Республикасында Конституция бойынша меншіктің келесі формалары бар: A) мемлекеттік, ұжымдық, өзіндік меншік; B) жеке меншік және мемлекеттік меншік; C) мемлекеттік, жеке және аралас; D) мемлекеттік, аралас, біріккен; E) мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік.
$$$ 66 Еркін сауда экономикасын не сипаттайды: A) жоспарлы баға; B) жетілген бәсеке және еркін нарық жағдайы; C) нарық пен жоспар құралдарының үйлесімі; D) тауарлар экспорты мен импортқа кедергілердің болмауы; E) меншік формаларының көп түрлі болуы;
$$$ 67 Төменде келтірілген сипаттық белгілердің қайсысы экономикалық игілікке қатысы жоқ: A) өндірістің нәтижесі болады; B) адамдардың қажеттілігін қанағаттанадыра алады; C) барлығының қажеттілігіне жеткіліксіз, көлемі шектеулі; D) тегін емес: бір экономикалық игілікті алу үшін, екіншісінен бас тарту қажет болады; E) сұраныс көлемінен аз өндірілген игілік.
$$$ 68 Өндірістік қатынастар деген не: A) материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесіндегі адамдар арасындағы қатыастар; B) табиғи, материалдық, информациялық ресурстарды пайдалану қатынастары; C) адамның табиғатқа қатысы; D) әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар; E) адамдардың біліктілігін жоғаралату қатынастары.
$$$ 69 Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне не жатады: A) жоспарлау; B) өндіріс құралдары мен жұмыс күштерінің жиынтығы;; C) өндірісті қоғамдастыру формалары; D) жер, су, қазба байлықтар; E) инфрақұрылым және оның элементтері.
$$$ 70 Экономиялық теория қандай ең басты қатынастар жүйесiн зерттейдi: A) техника – экономикалық; B) әлеуметтiк – экономикалық; C) ұйымдық - құқылық; D) этикалық - эстетикалық; E) дұрыс жауабы жоқ.
$$$ 71 Қоғамның экономикалық өмiрiндегi ең басты анықтауышы қатынастар: A) саяси B) дiни; C) өндiрiстiк; D) идеологиялық; E) рухани - құқылық;
$$$ 72 Қандай экономикалық теория тек сауда-саттық қатынастарын зерттеудi ұсынады: A) классикалық; B) марксизм; C) меркантилизм; D) физиократтар; E) неоклассиктер.
$$$ 73 Төмендегi экономистердiң қайсысы алғаш рет “Экономикалық кестенi” жасады: A) А.Смит; B) Д.Рикардо; C) К.Маркс D) Ф.Кенэ, E) У.Петти.
$$$ 74 Ғылыми абстракция тәсiлi ненi көрсетедi: A) бiздiң көзқарасымыздың танып-бiлу принципiндегi кездейсоқтықтан тазарғанын; B) танып-бiлу процесiнде типтiк, тұрақты байланыстарды; C) эксперимент (тәжiрибе) қоюды; D) жеке бөлiктердiң құрастырылғанын; E) құбылысты, бөлiктердi.
$$$ 75 Анализ тәсiлi немен сипатталады: A) экономикалық құбылыстарды құратын жай элементтерге бөлу; B) бөлiктердi табиғи тұтастыққа бiрiктiру; C) жалпы ережелердi логикалық жолмен; D) ғылыми дәйектеме (негiздеу); E) нақтылықты негiздеу.
$$$ 76 Экономикалық теорияның басты қызметтерi: A) танымдылық; B) әдiстемелiк; C) iс-тәжiрибелiк; D) идеологиялық-сын; E) жоғарыдағы аталғандардың бәрi дұрыс.
$$$ 77 Экономикалық категория дегенiмiз: A) өндiрiстiк қатынастары түрлi жақтарын ғылыми абстракциясы; (ойша оқшаулану); B) себеп-салдар байланыстар; C) үстiрт пайымдаулар; D) саяси-құқықтық байланыстар; E) моральдық-этикалық байланыстар.
$$$ 78 Индукция дегенiмiз не: A) жеке, даралар негiзiнде жалпы жағдайды, принциптердi қорытындылау; B) жалпы жағдайлар суреттелiнiп, бiрiктiрiледi; C) эксперименттi ғылыми негiздеу; D) жағдайды, ереженi логикамен шығару; E) элементтердi, бөлiктердi бiрiктiру.
$$$ 79 Дедукция дегенiмiз не: A) қарадүрсiн (жай) айта салу; B) жалпы жағдайларды, ереженi жеке бөлектердiң негiзiнде шығару; C) жеке бөлектердi жалпы жағдайлардың, ереженiң негiзiнде дәлелдеу; D) экономикалық құбылыстарды бөлектеу; E) құбылыстарды ғылыми негiздеу.
$$$ 80 Экономикалық жүйедегi жұмыссыздық және бағаның жалпы деңгейi оқытатын курс: A) микроэкономика; B) макроэкономика; C) менеджмент; D) халықаралық қаржы; E) барлық жауаптар дұрыс емес.
$$$ 81 Кез келген қоғамдағышешiлетiн үш сұрақ: A) қайда, қашан, қалай; B) қанша, қандай түстi, қанша қөп; C) қашан, не, қалай; D) не, қалай, кiм үшiн; E) қайда, не үшiн, неге.
$$$ 82 Барлық экономикалық ресурстарды келесi категорияларға жатқызуға болады: A) табиғи, еңбек, материалдық ресурстар; B) шектелмеген, тегiн, энергия және бiлiм; C) жалақы, рента, процент, пайда; D) техника, технология және жұмыс күшi; E) жер, еңбек, капитал.
$$$ 83 Төмендегiлердiң қайсысы меншiктiк құқықты бiлдiредi: A) иелiк ету құқы; B) пайдалану; C) басқару; D) жалға беру; E) бәрi дұрыс
$$$ 84 Экономикалық жүйелердегi ең басты қатынасты атаңыз: A) ұйымдастыру; B) рыноктық; C) кеңiстiк; D) меншiк; E) техникалық.
$$$ 85 Нарықты экономиканың iргелi негiзi болады: A) ұлттық валютаны кiргiзу; B) монополияға қарсы заң; C) жеке меншiк; D) шетел капиталын тарту; E) бағаның еркiн болуы.
$$$ 86 Қазiргi жоғары дамыған елдерде өндiрiс құралдарына болатын меншiктiң түрлерi: A) жеке; B) мемлекеттiк; C) көп түрлi; D) акционерлiк, E) коллективтiк.
$$$ 87 "Меншiктен айыру" деген не: А) бұл адамның өмiр сүру игiлiктерi мен ресурстарды өзiнiң тiршiлiк ету мүмкiншiлiгiне айналдыра алмауы; В) бұл адамды табиғат өнiмдерiнен айыру; С) бизнес мәселесiмен өзi шұғылданғысы келмейдi; D) кәсiпорынды басқара алмау; Е) қарызды төлеу мақсатында меншiгiнен айыру.
$$$ 88 “Еңбек бөлiнiсi” терминiн қалай түсiнесiз: A) еңбек нәтижелерiн қоғам қатысушылар арасында бөлу; B) өндiрушiлердi белгiлi бiр қызметтердi атқаруға мамандандыру; C) кәсiпкерлер арасындағы экономикалық қатынастар; D) еңбек нәтижелерiнен туындайтын өндiрiс тауарлары; E) дұрыс жауабы жоқ
$$$ 89 Алғашқы қоғамдық еңбек бөлiнiсiн не сипаттайды: А) егiншiлiк пен малөсiрудiң ерекше шаруашылық түрлерiне бөлiнуi; В) қолөнер кәсiбiнiң ерекше шаруашылық ретiнде оқшаулануы; С) сауда мен саудагердiң оқшаулануы; D) өндiрiстiң қоғамдануы; Е) товар өндiрушiлердiң оқшаулануы.
$$$ 90 Қандай пайдалы заттар тауар болады: A) жеке тұтыну үшiн өндiрiлген; B) айырбас үшiн тағайындалған еңбек өнiмдерi; C) табиғат силығы; D) сыйлау үшiн өндiрiлген еңбек өнiмдерi; E) барлық өнiмдер.
$$$ 91 Қай қоғамдық-экономикалық формацияда тауар өндiрiсi шешушi орын алады: A) алғашқы қауымдық қоғамда; B) құл иеленушiлiк; C) феодалдық; D) капиталистiк; E) коммунистiк.
$$$ 92 Ақшаның қандай қызметi баға ұғымын бiлдiредi: А) құн өлшемi; В) айналым құралы; С) қор жинау құралы; D) төлем құралы; Е) әлемдiк ақша.
$$$ 93 Келтiрiлген қызметтердiң қайсысын алтын ақша ғана атқара алады: А) асыл қазына жинау құралы; В) айналым құралы; С) төлем құралы; D) құн өлшемi; Е) әлемдiк ақша.
$$$ 94 Несиелiк ақша ақшаның қай қызметiнен пайда болады: А) төлем құралы; В) құн өлшемi; С) айналым құралы; D) қор жинау құралы; Е) әлемдiк ақша.
$$$ 95 Рыноктағы “Көрiнбейтiн қол” терминiнiң авторы: A) Д. Рикардо; B) Ж.Б. Сэй; C) А. Смит; D) К. Маркс; E) А. Маршалл.
$$$ 96 Қазақстанның тарихының бастапқы кезiнде қандай экономикалық даму басым болды: A) қол өнер; B) өнеркәсiп; C) көшпелi мал шаруашылығы; D) ауыл шаруашылығы; E) индустриалды.
$$$ 97 Ақшаның пайда болу (туу) себептерi: A) табиғаттан туған; B) мемлекет билiгiмен туған; C) айырбас дамуының нәтижесi; D) адамдардың қалауымен туған; E) демократия дамуының нәтижесi.
$$$ 98 Мына келтiрiлген мәлiметтердiң жалпы пайдалылығын қайсысы шектелген пайдалылықтың азаю заңын суреттейдi: A) 200 300 400 500; B) 200 450 750 1100; C) 200 400 1600 9600; D) 200 250 270 280; E) 200 150 120 100.
$$$ 99 Нарықтық бағаның қандай анықтамасы неоклассикалық баға теориясына сәйкес келедi: A) нарықтық баға – бұл сұраныс және ұсыныстың әсерiнен құрастырылатын баға; B) нарықтық баға – бұл пайдалылықтың субъективтi бағасының қақтығысуы ретiнде құрастырылатын баға; C) баға – бұл тауар құнының ақшалай көрiнiсi; D) нарықтық баға – бұл бiр жағынан сұраныс және шектелген пайдалылық әсерiнен құрастырылатын баға, ал басқа жағынан - ұсыныс және өндiрiс шығындары; E) нарықтық баға сұраныс, ұсыныс және құн заңдарының әсерi нәтiжесiнде құрастырылады.
$$$ 100 Экономикалық жүйе ұғымының дұрыс анықтамасын таңдаңыз: A) бұл бiртұтас өндiрiстiк қатынастарының нақты-тарихи қызмет атқару нышаны (формасы); B) бұл материалдық және материалдық емес игiлiктердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы ерекше ұйымдастырылған байланыс; C) белгiлi бiр тұтастықты құрастыратын экономикалық элементтер байланыстарының жиынтығы; D) бұл өндiрiс әдiсi; Е) бұл басқару әдiсi.
|