Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иммундық жүйеге, иммунитетке сипаттама беріңіз





Иммундық реакция организмді антигендік қүрамы өзгеше бөгде заттардан тазартуга багытталған пайдалы реакция, оның гуморал-дық және жасушалық түрлері бар. Иммундық қабыну деп орга-низмде дамитын иммундық реакциялар нәтижесінен туындайтын қабынуды атайды. Әдетте бүл реакция сенсибилизацияланган организмде айқын көрініс табады.

Қазіргі таңда адам жөне жануарлар организмінде иммундық бақылауды жүзеге асыратын, жеке-дара иммунокомпетентті жүйе барлығы анықталған.

Ағылшын патологі Миллердің (1961) жүргізген тәжірибелерінде айырша бездің осы иммундық реакцияларды басқаратын орта екендігі анықталды. Егер жаңа туған тышқандардың тимусын опе­рация жолымен алып тастаса (неонаталдық тимэктомия), олар иммундық реакцияларға жауап беру мүмкіндігінен бүтіндей айы-рылады. Организмдегі лимфоидтық тіннің пайда болу үрдісі бүзы-лып, олар атрофияланады, қандағы лимфоциттер мен иммуногло-булиндер мөлшері азаяды. Иммундық реакциялардың өзгерісіне байланысты ішектегі аутоф-лораның белсенділігі артып, іш өте бастайды. Өсу үрдісі тоқтайды, жануарлар тез арықтап, 2-4 айдан соң өледі. Тимэктомиядан кейін пайда болатын осы көріністердің барлығын қосып вастинг-синдром (ағылшынша: waste — арықтау) деп атайды.

Адам және сүтқоректілердің иммунитетінің орталық ағзала-рына тимустан басқа сүйек кемігі, ал қүстарда — фабрициус қал-тасы жатады.

 

Көкбауыр, шеткі лимфа бездері, асқазан-ішек жолындағы, өкпедегі шоғырланған лимфоидтық тін және қандағы лимфоцит жасушалары иммундық жүйенің шеткі бөлімдері болып есептеледі. Тимусқа тәуелді лимфоциттерді Т-лимфоциттер, ал фабрициус қалтасына тәуелді лимфоциттер В-лимфоциттер деп аталады. Со­нымен қатар Т- немесе В-лимфоциттерден басқа таңбасы (маркері) жоқ лимфоциттер де болады. Олар жалпы лимфоциттердің 10-20% күрайды.

Т-лимфоциттер организмдегі жасушалы иммунитетке жауап береді. Олар тимуста пайда болып, шеттегі лимфоидтық ағзалар-дың тимуске тәуелді аймақтарында орналасады, бірақ сол жерде тоқтап қалмай қанда үздіксіз айнала жүріп, бірінші болып анти-гендермен кездеседі. Ең бастысы олар иммундық бақылау қызметін атқарып, барлық иммундық хабарды жадында сақтайды және өмірі үзақ жасушалар қатарына жатады, иммундық реакция кезінде жа-сушалық иммунитет медиаторларын, лимфокиндерді бөліп шьи^а-рады. Т-лимфоциттер үшін х-антиген болуы тән. Электрондық микроскопта олардың сырты тегіс болып көрінеді. Т-лимфо-циттердің өзі бірнеше түрге бөлінеді: хелперлер, киллерлёр, суп-рессорлар.

Т-хелперлер (help — жәрдем) В-лимфоцитеттердің плазмалық жасушаларға айналуына жәрдемдеседі. Т-киллерлер (killer — өлтіруші) жасушалық иммунитеттің негізгі қүралы болып, антигендік қүрамы өзгерген жасушаларды тікелей жойып жібереді. Бүл үрдісте сенсибилизацияланған лимфоциттерден бөлініп шы-ғатын лизосомалық ферменттер мен медиаторлар (лимфокиндер) қатысады (46-сурет). Т-супрессорлар (suppression — тежеу, басу) В-лимфоциттерде антидене пайда болу үрдісін тежейді.

В-лимфоциттер өмірі қысқа, отырықшы жасушалар қатарына кіреді. В-лимфоциттердің сыртында әр түрлі, антиген косып алу-шы, рецепторлар (иммуноглобулиндер) болғандықтан электрон-дық микроскопта олардың үсті бүрлі болып көрінеді. В-лимфоциттердің негізгі қызметі антиген өсеріңде плазмобласт, плаз-малы жасушаларга айналып өзінен иммуноглобулиндер (антиде-нелер) бөліп шыгару. Пайда болған антиденелер антигендермен қосылып кешен түзеді. Осылайша антигендік қүрамы өзгеше бөгде заттар бейтараптанады (нейтрализация) немесе организмнен шы-гарьиіады (элиминация). Оган комплемент қосақталганда иммун-дық кешен пайда болады. Иммундық кешендерді макрофагтар обып жояды. Кейбір жагдайларда иммундық кешендер қан тамырлары-на шөгіп қалып қабыну үрдісін яғни иммундық кешен ауруы (төменді қараньтз^ яеген ііатологияға соқтырады.

Организмде иммундық реакциялар қалыпты жүруі үшін им-мундық жүйенің осы негізгі екі жасушасы — Т- жөне В-лимфо-циттер мен үшінші жасуша —макрофагтар (А-жасуша) бірлесіп қызмет етуі керек. Осы үшжасушалық серіктестік (кооперация) иммунологиялық реакциялар негізін қүрайды

Date: 2015-09-27; view: 1284; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию