Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адам болмысы





 

Адам болмысы рухани және материалдық негіздерден құралатыны дау тудырмайтын ақиқат. Бұлар Алла тағаланың түрлі қуаттары. Рухани негіз – жоғары қуат, ал материалдық негіз – төменгі қуат. Рухани болмыс жаннан және рухтан құралады. Адам денесіндегі жан, яғни, қазақша айтқанда, шыбын жан, Үлкен Жанның, яғни, Ғазиз жанның, Алла тағаланың жоғары қуаты. Оның қасиеттері Ғазиз жанның қасиеттеріне ұқсас – мәңгілікті, толық білімді және толық ләззатты. Жан тәнде орналасқан және онымен үнемі байланыста. Жан мен тәнді байланыстыратын – рух. Сонымен, рух жанның сәулесі, қуаты, онымен ажырамас бөлігі, қасиеті, тәнмен байланыстыратын құралы, заттық әлемнің ықпалынан қорғанатын қорабы, қапшығы, сауыты, ішкі киімі тәрізді.

Рух тәнмен адамның нәзік денесі, яғни перисприті арқылы байланысады. Нәзік дене – жартылай материалды, рухтың эфирлік, нәзік, ауа тәрізді, адам пішіні бар, өте нәзік, бірақ негізі заттық қаситі бар денесі. Рух нәзік дене арқылы тәнді басқарады. Ол үшін нәзік денені өзінің сәулесімен рухтандырады. Руханиланған, рухтанған нәзік дене рухтың ықпалына көнеді. Ол неғұрлым рухтанса, солғұрлым рухтың ықпалына тез бағынып, тәнді дұрыс басқара алады. Нәзік болмыс, яғни, психикалық негіз, заттық болмыстың ықпалына беріліп кетіп, нәпсімен көп былғанса, ол тәнді де солғұрлым нашар басқарады. Осылай адам өмірде нәпсі ықпалымен түрлі қателіктер жіберіп, күнәлі істерге барады. Рухани дамудың деңгейі осыны білдіреді. Рухани дамыған адамның нәзік болмысы рухтанып, ол жанның қалаған ниетін жақсы орындап, жанның өз құмарын қандыруға толық мүмкіндік жасай алады.

Сонымен, адамның екі – рухани және материалдық – болмыстары бар. Рухани болмыс жан және рухтан құралады, ал материалдық болмыс – психикадан, яғни нәзік денеден және тәннен құралады. Сонда математика әдісін пайдаланып адам болмысын былай өрнектеуге болады екен:

 

АДАМ = РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫҚ БОЛМЫС= (ЖАН + РУХ) + (НӘЗІК ДЕНЕ + ТӘН)

 

Адам өмірі формуладағы осы төрт қосындының өзара үйлесімділігіне тікелей байланысты. Адам өмірі осы құрамның өзара байланысын сақтау деңгейіне байланысты өрлеу, не болмаса құлдырау дәуіріне жолығып, құбылып отырады. Бұл формула бүкіл адамзат өмірі үшін, сонымен бірге, әрбір жеке адам үшін де өте маңызды. Формуланы қолданудың екі жолы бар. Оның біріншісі – бұл өмірдің негізгі мақсатын түсініп, сол мақсатқа жетуді өзіне міндет етіп қойған рухани жолдағы адамдар үшін. Олар бұл формуланың бірінші жартысын, яғни, рухани жағын алға қояды. Ал екінші жартысы, яғни, материалдық жағы, олар үшін тек қана формуланың бірінші жартысын сақтауға, яғни, өмірдің тұтастығы үшін ғана керек. Басқа сөзбен айтқанда, олар тәнді тек қана жан үшін, жанның құлшылық етуі үшін ғана пайдаланады. Олардың өмірі – тән құмарын, нәпсілерін толық ауыздықтаған, аскеттік өмір.

Формуланы қолданудың екінші жолы – жалпы көпшілікке арналған. Абай да, Шәкәрім де жалпы көпшіліктің алдына қойған нақты рухани мақсаты болмайтынын білдіреді. Сондықтан олар бақытты өмірдің қуаныш-қайғысынан іздейді. Фәни әлемде өзін бақытты сезіну үшін адам формуланың екі жағын, яғни, рухани және материалдық жағын тең ұстауы керек. Олар үшін бұл екі жарты құстың екі қанаты тәрізді. Құс екі қанатын тең ұстамаса бағытынан ауытқып кететіні тәрізді, әрбір адам, сонымен бірге, қоғам, тіпті адамзат өмірі осы екі қанатты тең ұстанбағанда дамудың тура жолынан ауытқып, құлдырау жолына түседі. Тарих сахнасынан бір кездегі жетілді деген көптеген мемлекеттер осылай жоғалып кетті.

 

Date: 2015-07-22; view: 1574; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию