Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Буферлік жадыБЕСҚ – құрылғы жұмысын жылдамдатуға арналған, тактылық жиілігі ЭЕМ-ң ең жылдам құрылғысы – процессордың тактылық жиілігінен төмен. Буферлік ЕСҚ - ішінде КЭШ – жады ерекше мәнге ие. Қазіргі ЭЕМ – де КЭШ – жады біртекті емес құрылымға ие: Біріншіден, L1 және L2 деңгейлі КЭШ – жады бар. L1 деңгейі – процессор шағынсұлбасына интеграцияланған, көлемі ~ 10 г Кбайт, жылдамдығы жоғары; L2 деңгейі - жеке корпуста шығарылады (SRAM) мат. Платада орнатылады. Екіншіден, КЭШ – жады ның екі түрі бар: Командалар КЭШ –жадысы; Деректер КЭШ – жадысы. Көппроцессорлы жүйелерде бір деңгей дің бірнеше КЭШ-і болуы мүмкін.
Тұрақты еске сақтау құрылғысы (ROM) Тұрақты еске сақтау құрылғысы тұрақты немесе сирек өзгеретін ақпараттар массивін сақтауға арналған. ТЕСҚ-да жұмыс кезінде тек сақталған ақпаратты оқу жүзеге асырылады. ТЕСҚ қазаргі уақытта түрлі ЭКМ-дерде жиі қолданылатын тұрақтыларды, стандартты программаларды, программалар-транцлясияларды, диагностикалық тесіттерді түрлі операцияларды орындауды басқаруға арналған микрокомандалар (микропрограммалар) жиындарын, кодттарды түрлендіруші микрокомандаларды, арнайы есептеуіштерді, символдар генераторын сақтау үшін қолданылады. ЖЕСҚ-мен салыстырғандағы ТЕСҚ-ның айырмашылығы: сенімділігі, жылдамдығы, ақпараттық сиымдылығы, энерго тәуелсіздігі жоғары, яғни керек көзін өмірін тастағанның өзінде ақпаратты сақтап қалу мүмкіндігі бар деген сөз. Техникалық жүзеге асырылуына байланысты ТЕСҚ-ның мынадай түрлері бар: - трансформаторлық: - жартылай өткізгіштік (транзисторлық,диодтық). Қазіргі уақытта транзисторлық жады элементтін қамтитын (биполярлық және МОП транзисторлары) ТЕСҚ кең қолданысқа ие болып отыр. МОП-тағы ТЕСҚ компаненттері жоғары тығыздылықты қамтиды және қатынас құру уақыты 10-300 нс-ді құрайды. Ақпаратты жазу тәсілі бойынша ТЕСҚ, - маскамен программаланатын; - қолданушымен программаланатын болып бөлінеді. Маскамен программаланатын ТЕСҚ-да ақпарат фотошаблондардың көмегімен дайындау кезінде жазылады. Қолданушымен программаланатын ТЕСҚ-ге ақпарат қолданушы арқылы электрлік кернеу немесе тоқтың әсерінен р-п ауысудың ойығымен немесе қосқыштарды жағу арқылы жазылады. Қолданушымен программаланатын ТЕСҚ шағынсұлбасы бір реттік программаланатын ТЕСҚ және қайта программаланатын ТЕСҚ болып бөлінеді. Бір реттік программаланатын ТЕСҚ-ге жазылған ақпарат өзгермейді, таңдау режимінде оны тек қана оқуға болады. Қайта программаланатын ТЕСҚ-да ақпаратты бірнеше рет жазуға болады. Қайта программаланатын ТЕСҚ-ның қазіргі уақытта бірнеше типтері бар. Оның біреуінде ақпаратты жазу және өшіру электрлік тәсілмен жүргізілсе, екіншісінде жазу электрлік тәсілмен, ол өшіру ультракүлгін сәулемен шағылыстыру арқылы жүзеге аспақ. 2.34 – сурет. 2.34 - суретте диодты және транзисторлы ТЕСҚ жады элементері көрсетілген. Талап етілген ЖЭ-н таңдаумекендік шинаға (2.34, а) таңдау сигналын беру арқылы орындалады. Бірлік деңгей мекендік шинамен диод арқылы байланысқан разрядтық шиналарда орналасады. Диодты ТЕСҚ-ға ақпаратты жазу қажет емес диодтарды жазумен жүзеге жазумен асырылмақ. 2.34, б суретте МДП транзистордағы жады элементі көрсетілген. Тұрақты жадының кең таралған түрлерінің бірі ROM (Read Only Memory). ROM – тек оқуға арналған жады орысша баламасы ТЕСҚ (тұрақты еске сақтау құрылғысы). Егер дәлірек айтсақ – Mask-ROM (Маскалық ТЕСҚ). Жады ұяшықтардың мекентелген массиві түрінде (матрица) құрылған, әр ұяшық ақпарат бірлігін кодалай алады. ROM-ға деректер литографиялық тәсілмен, алюминді байланыс жолдарының маскасын орнатып жасаған кезде жазылады. Мұндай жолдың сәйкес орында бар – жағы “0” немесе “1” – мен кодаланады. Maks-ROM құрамындағылардың модификациясының күрделілігімен ерекшеленеді, ал өндірістік цикл ұзақтығы (4-8 апта). Сондықтан жадының бұл типі кең таралымға ие бола алмай отыр. Артықшылығы: 1. Дайын программаланған шағынсұлбалар (өндіру көлемінің жоғары кезінде) құнының төмендігі. 2. Жады ұяшығына қатынас құру жылдамдығының жоғарылығы. 3. Дайын шағынсұлбаның жоғары сенімділігі және электромагнитті өрістерге беріктігі. Кемшіліктері: 1. Дайындағаннан кейін деректерді жазу және модифицирлеудің мүмкін еместігі. 2. Күрделі өндірістік цикл.
|