Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ж. Күрделі шығындарды төлеу үшін банктен, мысалы, 5 жылға 15% несие алуға болады ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 Несие үшін ай сайын пайыздық төлемді төлеу керек. Бұл ағынды шығындардың бір тармағы. Несиенің өзін таза пайдадан екінші жылдан бастап, төрт жылда төлеу керек. 2.2 Ағынды үлестірімдер /айлық шығындар/ 1)Жобаланған бұйымды жасау үшін шикізатқа, материалдарға, жартылай жасандыларға жұмсалатын айлық шығындар. Ол келесі кестеде көрсетіледі. 4-кесте. (мың тг)
Қорытындыдан 12% қосымша құн салығын есептейді. (Бірақ Ққс шығынша кірмейді). 2)Айлық жалақы. Оны да кестеде санағаны жөн. Экономикада барлық жұмысшылардың санын екі топқа бөледі: Цехта істейтін адамдар (ИТЖ, негізгі жұмысшылар, көмекші жұмысшылар) және офисте істейтін адамдар (бастықтар, қызметкерлер ж.б). Өндіріс қызметкерлердің жалақысы. 5-кесте. (мың тг)
Офисте істейтін басқару аппарат, олардың кіші көмекші персоналмен (еден жұмысшымен) бұл кестеге кірмейді. Олар үстемелі шығындарда есептеледі. (25 тарапты қара) 3) Мейрам күндері істегені үшін екі есе артық төленген жалақы. Мұны 3,7% жалақыдан алуға болады (13/352). 13 – Қазақстандағы мейрам күндері, 352 – жылдық календарлық күндері. 4) Кестеден артық істеген адамдарға төлем. Мұны 1,5% төлем ақыдан алуға болады. 5) Әлеуметтік салық + міндетті әлеуметтік төлемдер (11% айлық жалақыдан минус Жзк); 6) Жабдықтың амортизациясы (тозуы); Жабдықтың бағаларын әдебиеттен немесе газеттерден алуға болады. Амортизациялық ережелерді арнайы анықтамалықтан немесе салық кодексінің 110-шы бабынан алады. Есепті мына кесте бойынша жасағаны жөн. 6-кесте (мың тг)
7) Өндіріс үйлердің және инженерлік торлардың амортизациясы. Бағаларын 2-кестеден, ал амортизациялық ережені салық кодексінен алады. 7-кесте (мың тг)
8) Электроэнергия шығындары а) Жабдықтарда пайдаланатын энергияның шығыны. Оларды кесте бойынша есептеген жөн. 8-кесте
б) Электрожарық үшін жұмсалатын шығындар: Ш = A * Э * У * Б, Мұндағы А – жарықталатын аудан,м2 Э – бір шаршы метрге қажет электроэнергияның қуаты, (шамамен 100лк жарықтыққа 0.025 квт/м2, 50лк жарықтыққа 0.015 квт/ м2 қажет) У – жарық жанатын уақыт, сағат; Б – электроэнергияның бағасы (0.008 мың тг). Коридорларда, әжетханаларда және сондай-ақ бөлмелерде 50лк қажет. 9) Жылуға кететін айлық шығын мына формула арқылы есептеледі: Шж = V * Ш * 7200 * б, Мұндағы V-цехтың немесе басқа үйдің жалпы көлемі, м3. Цехтың биіктігі 3,6:4,2:4,6м немесе одан да көп болуы мүмкін; Офистің биіктігі 2,7-3 м болады. Ш=30 ккал- текше м сағатына кететін жылудың мөлшері /СНиП бойынша/,720-бір айдағы сағаттар саны /24*30/. б- жылудың бағасы; 3 *10-4 тг бір ккал/сағ үшін 10) Вентиляцияға кететін жылудың шығыны: Шв= V*Ш*У*б V – өндіріс цехтың жалпы көлемі, м3; Ш – 0.15 ккал - бір текше метрді желдету үшін жылудың кеткен мөлшері (ауаны жылыту үшін); У – желдету уақыты; Б – жылудың бағасы (тармақ 9); 11) Цехта немесе офисте ыстық суға кететін шығындар: Шы = C * Б Мұндағы С – ыстық судың немесе будың айлық қажеттілігі, (шамамен алынады). Б – ыстық судың бағасы 12) Суық суға және канализацияға кететін шығындар есебі; 9-кесте
Бұл кестеде адамдардың суды пайдалануын еске алу керек. СНиП бойынша әр жұмысшыға сменада орташа 30л су қажет. 13) Жөндеуге кететін айлық үйлестірім. Жылдық мөлшерін шамамен 8% жабдықтардың және 4 % үйлердің бағасынан алуға болады. Айлық шығын 1/12 жылдық сомадан. 14) Еңбекті қорғау үшін шығындар. Дипломдық жобаның 2 бөлімінде жазылған әрекеттерді бағалау керек; 15) Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар, (2 бөлімдегі әрекеттерді бағалаңыз). 16) Салықтар. Төмендегі үш салықтардың жылдық мөлшерінен 1/12 бөлігі ағынды айлық шығындарға кіреді. Мүлік үшін салық 1% негізгі қордың бағасынан алынып, бюджетке жіберіледі. Мүліктің (жер және көлік кірмейді) бағасы 2 және 6 кестеден алынады. Мұнда жер және көлік кірмейді. Көлік үшін салық. Жобаланған кәсіпорын әртүрлі автокөлікке ие болуы мүмкін. Түрлері 6-шы кестеден алынады. Олардан салық былай есептеледі. 10-кесте
Жер салығы Алматыда 29 тг/м2.Жер ауданын бас жоспардан алады (генеральный план). 17) Несие үшін төленетін проценттер. (2.1.Ж бапты қараңыз). Мысалы 40млн тг несие 15% үшін алдық. Айлық пайыздық төлем 40000*0,15/12 мың тг. 18) Мүлікті сақтандыру үшін шағын (страхование) 0,2% негізгі қордан алуға болады. 19) Қорытынды (осы тармақтағы 1-18 баптардың айлық шығындардың қосындысы). 20) Есептелмеген шығындар. Қалай есептесе де бір-екі шығындар қалып кетуі мүмкін. Әдетте жоғарғы қорытындыдан шамамен 10℅ алады; 21) Қорытынды/19+20 баптар/; 22) Үстемелі шығындар /накладные расходы/. Бұл бапта әкімшілік- басқару аппаратына, кеңселік жұмыстарға, аудитке ж.б. шығындар кіреді. Оларды шамамен 18-20% 21 баптан алады; 23) Барлық айлық ағынды шығындар /Ш/; Бұл 21+22 баптар қосындысы. 24) Бір бұйымның өз құны Ө=Ш/М, мұндағы М – шығарылған бұйымның айлық мөлшері (көлемі). 25) Айлық айналма қаржы (А). Ол ағынды шығындарға тең. Яғни А=Ш
|