№
| Критерии оценки шагов
|
1.
| Шағымдарын жинау
Шағымдарын анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма?
| Ретті және жүйелі түрде жүргізілжі.
Негізгі және қосымша сұрақтар қою арқылы барлық шағымдары сұралынды
|
2.
| Анамнез жинау
Анамнезін анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма?
| Анамнезін жинау үшін барлық сұрақтар қойылды, оған қоса диф диагностиқа мақсатында тұқым қуалаушылық пен эпид анамнез
|
3.
| Физикалық қарау
| Зерттеу дұрыс әрі ретті жасалды, шеткі лимфатүйіндері пальпацияланды, псориазды анықтау мақсатында тері жамылғылары бөртпеге тексерілді (шаш өсу аймағы) Жүректің тыңдау нүктелері ретті түрде тыңдалып жүрек аускультациясы жүргізілді.
|
4.
| Тірек-қимыл жүйені зерттеу
| Дұрыс қарап тексерді, қолбасының сырт жағымен локальды температура анықталды. Пассивті және активті қимыл көлемін анықтады
Кеуде қуысының экскурсиясын анықтады
|
5.
| Сакроилеит пен омыртқа қимылын анықтауға барлық тест жүргізілді. Әр тесттің дұрыс жасалуы 0,5 балл
| Кушилевский тесті (кедесі бір методикамен)
1) науқас арқасында жатқанда алдыңғы мықын кылқанына басу;
2) науқас бүйірімен жатқанда мықын сүйегінің қырқасына басу;
3) науқас арқасында жатқанда тізесі 90° иіліп сыртқа қарай әкетілген күйінде қарама-қарсы мықын сүйегінің алдыңғы қылтасына басу
|
|
| Томайер тесті: науқас алға қарай иіліп созылған қолымен саусақтарын жерге тигізуге тырысады, ол кезде тізесі бірге, бүгілмейді (норма – 0-10 см)
Шобер тесті: науқас алға иілген кезде алдын-ала белгіленген екі нүкте арақашықтығы тексеріледі (біріншісі- Михаэлис ромбысының бұрытарының арасындағы сызығының омыртқада қосылған жері, екіншісі – бірінші нүктеден 10 см жоғары орналасады) (Норма - 4-5 см кем емес)
Форестье тесті (Forestier) – науқас қабырғаға арқасымен тұрады, табаны мен сегізкөзі қабырғаға тию қажет. Нормада науқас шүйдесі қабырғаға тию қажет.
|
6.
| BASDAI индексі бойынша ауыру белсенділігін анықтау
| Индекс BASDAI 6,2
|
7.
| Алдын ала диангнозды негіздеу мен алдан ала диагноз қою
| 5 жылға созылған, тыныштықта басылмайтын бел аймағындағы ауру сезімі, қимыл-қозғалыста азаятын ауру негізінде; фронтальды және сагиттальды жазықтықта омыртқаның иәлуінің нашарлауы (Томайер мен Шобер тесттері); кеуденің тыныс экскурсиясының шектелуі, сакроилеитке күмән тудыратын Кушилевский тесті оң, анамнезінде - мүмкін иридоциклит, келесі диагноз болуы мүмкін: Анкилоздеуші спондилит, аксиальды форма, HLAB27 ассоциирленген, кеш сатысы, әлсіз белсенділікті (BASDAI 6,2), ФК 2.
|
| Лабораторлық зерттеу әдісін тағайындау
| - Қанның клиникалық анализі
- Қанның биохимиялық анализі (жалпы белок, АЛТ, АСТ, билирубин, мочевина, креатинин, холестерин, глюкоза)
- Жалпы зәр анализі
- Ревматоидты факторға қанның иммунологиялық зерттеу IgM, ЦИК.
- СРБ, фибриноген
- ЖЖБА ИФА, уретрадан мазок
- Вирусты гепатиттерге В, С ИФА
- Райта және Хаддлсона реакциясы
- КТМ Р-грамма
- ЭКГ
- Сакроилеальды байламдардың Р-грамма
- 2 проекцияда омыртқа рентгенограммасы
- Окулист консультациясы – көз түбін зерттеу
- Гистосәйкестілік антигенін анықтауHLA - B27 керек жағдайда
|
| Салыстырмалы диагноз, жоспар
| ревматоидты артрит, Форестье ауруы, псориаздық артропатиямен, Рейтера аурумен, туберкулез, бруцеллезбен
|
| Лабораторлық зерттеу интерпретациясы
| ЭТЖ жоғарылауы
ЖЗА патологиясыз
Б\х патологиясыз
|
| Иммунологических зерттеулер интерпретациясы
| ЖЖБА, ВГ және бруцеллез жоққа шығарылды
РА – теріс
Қабыну белгілері – СРБ және фибриноген жоғарылаған
|
| ЭКГ және Кеуде Р-граммасы
| Синусты ырғақ, Гисс шоғырының оң аяқшасының бөгемесі. Оң өкпенің төменгі бөлімдерінде тартпа тәріздес болуы -айқын емес пневмосклероз белгілері
|
| Жамбас сүйектері рентгенограммасы
екіжақты сакроилеит белгісінің болуы
| Екіжақты сакроилеит белгілері – сегізкөз-мықын буындарының тарылуы жіне ондағы бірнеше эрозиялар - II стадия
|
| Омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінің 2-жақты проекциясындағы рентгенограммасы
| Омыртқалардың “квадратизациясы” симптомы, омыртқалардың алдыңғы беті бойынша синдесмофитоз, алдыңғы-бүйір байламдардың оссификациясы, омыртқааралық буындарының айқын тарылуы.
|
15.
| Қорытынды диагнозды негіздеу мен құру
| Омырқаның фронтальды және сагитальды жазықтықтарда қимылының шектелуі, 4-5 жыл бойы бел-сегізкөз бөлігінде ауру сезімі, тыныс алу экскурсиясының азаюы – 3 критерии.
Екіжақты сакроилеит II дәрежесі, омыртқадағы тән өзгерістердің болуы («омыртқа квадратизациясы», «бамбук таяғы» типті омыртқа), омыртқа рентген көрінісі АСА тән, тағы 2 критерий
Жеделфазалы өзгерістердің болуы; басқа этиологиялы спондилоартриттерді жоққа шығару, HLA-B27 (+) келесі диагноз қойылады: Анкилоздеуші спондилит, аксиальды форма, HLAB27 ассоциирленген, кеш сатысы, әлсіз белсенділікті (BASDAI 6,2), ФК 2.
|
| Ем тактикасын анықтау
| · ревматолог консультациясы
· емдік дене шынықтыру жаттығулары
· ауыр физикалық күштемені азайту
· темекіден бас тарту
СЕҚҚП ұзақ және үнемі қабылдау (тек ауру сезімі кезінде ғана емес)
|
| Базисті терапия
| · СЕҚҚП - индометацин несеме диклофенак (75-150 мг/тәу) – эффективтілігін 1 ай көлемінде бағалау
Эффективтілік болмаған жағдайда – сульфасалазин 2-3 г/тәу ұзақ уақыт
СЕҚҚП тамақтан кейін тәулігіне 3-4 рет қолдану
Көтере алмаушылық кезінде – селективті СЕҚҚП (целекоксиб, мелоксикам)
|
18.
| Ары қарай жүргізу
| Динамикада: ЖҚА, СРБ, фибриноген – 1 рет айына,
Жамбас пен омыртқа рентгенограммасы, кеуде қуысының – 1 рет жылына
Вирусты гепатит маркерлері – жыл сайын
Грипптен, пневмококка, гепатит В, ВПЧ вакцинация
|
19.
| Пациентті қарағандағы мінез-құлқы және коммуникацияның тиімділігі
| Коммуникация эффективті. Науқас сеніммен қарады. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды
|