Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ж. Математика 6-сыныпСабақтың тақырыбы: Координаталық түзу. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Координаталық түзу жөніндегі оқушылардың білімін жетілдіру. Дамытушылығы: Оқушылырдың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, есептер шығару. Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлестірме материалдар. Картотека №12. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: «Анықтама» А.В. Гусеев. «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру: · Координаталық түзу дегеніміз не? · Санақ басы саналатын 0 нүктесінің координатасы неге тең? · Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді? · Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді? IV Сабақтың мақсатын қою, хабарлау кезеңі: 1) Бала психологиясын зерттеу 2) Тақырыпты хабарлау V. Жаңа білімді меңгеру, игеру, түсіндіру кезеңі: Оң сандар жәненөл саны координаталық сәуле бойында нүктелермен кескінделеді.
Мұндай түзуді координаталық түзу деп атайды. Координаталық түзуде: О нүктесі – санақ басы, ОА бірлік кесіндісі және оң бағыты көрсетілген. 0 (нөл) саны оң сандарға да, теріс сандарға да жатпайды. VI Жаңа білімді бекіту (түсінгенін тексеру) кезеңі: Сынып жұмысында: №297,№299,№301,№303,№304есептерді шығару. №302 Бірлік кесінді ретінде дәптердің 5 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан: F(-1,4), K(-2), N(0,2), P(-0,8), T(1,6) нүктелерін белгілеңдер. №303 Координаталық түзуді (бірлік кесінді ретінде дәптердің бір тор көзінің ұзындығын алып) сызып, оның бойынан мына нүктелерді белгілеңдер: Е(5), Р(-4), О(0), Т(9), П(-7), Н(7), Ц(2). Егер нүктелерді дұрыс орналастырсаңдар, «жүзден бірдің» математикалық атауын оқисыңдар. Жауабы: ПРОЦЕНТ VII. Сабақты пысықтау, қорыту кезеңі. VIII. Үй тапсырмасын хабарлау және орындау бойынша нұсқау беру. Бағалау.
1) Үйге №304, №308,№309. 2) Сабақты қорытындылау.
Математика 6-сынып Күні: 19.10.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Бүтін сандар жиыны. Рационал сандар жиыны Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оң сан және теріс санның және 0 санымен, теріс сан мен теріс санды салыстыру білімдерін жетілдіру. Оқушылырдың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека №15. Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы Сабақтың түрі: Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: «Өзіндік және бақылау жұмыстары»6сынып А.П. Ершов Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру. II. Үйге берілген: №323,№325,№327 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру: · Координаталық түзу дегеніміз не? · Координаталық түзуде оң сандар қалай орналасады? · Координаталық түзуде теріс сандар қалай орналасады? · Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? · Бүтін сандар жиыны дегеніміз не? · Рационал сандар жиыны дегеніміз не? · Санның модулі дегеніміз не? · Теріс санның модулі қандай сан? IVСабақтың мақсатын қою кезеңі: 1) Бала психологиясын зерттеу 2) Тақырыпты хабарлау VI. Бекіту кезеңі: Сынып жұмысында: №324,№326,№328,№330,№331,№332 есептерді шығару. №324 -30; 5; -1/3; 9; -27; 13; -9; 4; -0,2; 0; 27; -13 рационал сандарынан: 1) бүтін оң сандарды; 2) қарама-қарсы сандарды; 3) бүтін теріс сандарды бөліп жазыңдар. №326 Таңбалар ережесін пайдаланып, жақшаны ашып жазыңдар: 1) х=+(-1,9)=-1,9 3) х=+(+3/8)=3/8 2) х=-(+0,75)=-0,75 4) х=-(-2)=2 №328 Берілген сандарға қарама-қарсы сандарды және кері сандарды жазып, кестені толтырыңдар:
№332 Мына теңдіктерден тура теңдікті теріп жазыңдар: 1) -(-3,7)=3,7 2) –(+8)=-8 3) – (-25) = - 25 дұрыс емес 4) –(+12,4)=-12.4
VIII. Оқушыларға үй тапсырмасын хабарлау және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге №335,№336,№337. 2) Сабақты қорытындылау. Ж Математика 6-сынып Сабақтың тақырыбы: ІІІ тарауды (рационал сандар тарауын) қайталауға есептер шығару. Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларға Рационал сандар жөніндегі салыстыру білімдерін жүйелеу, тиянақтау. 2) Дамытушылығы: Оқушылырдың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару. 3) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу. Көрнекілігі: Үлестірме материалдар. Кесте. Сабақтың типі: Қайталау сабағы Сабақтың әдісі: Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген: №633,№635,№637. есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі: · Координаталық түзуде орналасқан екі санның үлкені кіші санның қай жағында кескінделеді? · Қандай сандар 0-ден үлкен? · Қандай сандар 0-ден кіші? · Екі теріс санды қалай салыстырамыз?
IV. Сабақтың мақсатын қою, хабарлау кезеңі: 1) Бала психологиясын зерттеу 2) Тақырыпты хабарлау
V. Бекіту кезеңі: Сынып жұмысында: №638,№639,№640,№ 641,№ 642,№643 есептерді шығару.
VI. Сабақты қорыту, пысықтау кезеңі: Топтық және жұптық жұмыс ойнату.
«Фишка» ойыны
«Қоян қайда секіреді?» ойыны.
«Кім жылдам?» эстафеталық ойыны
VІІ. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге №644,№645,№646. 2) Бағалау.
Математика 6-сынып Күні: 29.10.2015 ж Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №4 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Рационал сандар тарауынан білімдерін және оқу материалын игеру деңгейін анықтау және қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін тексеру. Оқушылардың жауапкершілік сезімге тәрбиелеу. Көрнекілік: Бақылау жұмысы №4 «В» деңгейі. Сабақтың типі: Оқушылардың білімін тексеру және бағалау. Сабақтың түрі: Бақылау жұмысы. Қолданылған әдебиеттер: « Математикадан тақырыптық үлгі жоспар және бақылау жұмыстарының жинағы.» А.Т Алдамұратова Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру. II. Сабақтың мақсатын қою кезеңі: 1) Бала психологиясын зерттеу 2) Тақырыпты хабарлау ІІІ. Бекіту кезеңі: Мұғалімнің кіріспе нұсқауы: · Оқушыларды бақылау жұмысының тапсырмаларымен таныстырып,шығару жолына нұсқау беру. · а) 1-нұсқа есептері, ә) 2-нұсқа есептері. № 4 бақылау жұмысы. 1. Координаталық түзу сызыңдар. а) Координаталық түзу сызып, В(1) нүктесін белгілеңдер. В(1) нүктесінен оң бағытта 2 бірлік кесіндіге тең қашықтықта Д нүктесін, теріс бағытта 3 бірлік кесіндіге тең қашықтықта Е нүктесін белгілеңдер. Д және Е нүктелерін координатасымен жазыңдар. б) Координаталық түзуде А(-2) нүктесін белгілеңдер. А(-2) нүктесінен оң бағытта 5 бірлік кесіндіге тең қашықтықта В нүктесін, теріс бағытта 3 бірлік кесіндіге тең қашықтықта С нүктесін белгілеңдер. В және С нүктелерін координатасымен жазыңдар. 2. Жұлдызшаның орнына теңдік тура болатындай таңбаны қойып жазыңдар.
3. Теңсіздікті қанағаттандыратын барлық бүтін сандарды табыңдар. 4. х-ті табыңдар.
5. Салыстырыңдар. Бақылау жұмысының қорытындысын келесі сабақта қорытындылау. IV. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1) Үй жұмысына нұсқау беру 2) Бағалау
Тексерген: ---------------------------- Күні:--------------------- Сабақтың №-------------- Математика 6-сынып Сабақтың тақырыбы: Рационал сандар тарауы, бойынша пысықтау. Қатемен жұмысы. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бақылау жұмысында жіберілген қателіктері бойынша жұмыс жасай отырыпысықтау.Оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып бақылау жұмысы №2 С деңгейіндегі есепті шығару. Оқушылардың жауапкершілік сезімге тәрбиелеу. Көрнекілік: Бақылау жұмысы №2 «С» деңгейі. Сабақтың типі: Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жалпылау жүйелеу. Сабақтың түрі: Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: « Математикадан тақырыптық үлгі жоспар және бақылау жұмыстарының жинағы.» А.Т Алдамұратова Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру. II. Үйге берілген: №385,№387,№389,№392 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. бақылау жұмысына талдау жасалынып, қатемен жұмыс жүргізу: IV. Тарау бойынша пысықтау сұрақтары: · Координаталық түзуде оң және теріс сандар қалай орналасқан? · Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?? · -(-)=?; –(+)=?; +(-)=?; +(+)=?; · Санның модулі, теріс санның модулі неге тең? · Теріс сандарды салыстыру. 0 санымен теріс сандарды салыстыру. 0 санымен оң сандарды салыстыру. Теріс сандар мен оң сандарды салыстыру. VI Сынып жұмысында: Б.Ж №2 С деңгейін шығару. VII Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге №398,№399,№400,№401. 2) Сабақты қортындылау Математика 6-сынып. Тексерген: ---------------------------- Күні:--------------------- Сабақтың №--------------
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосу. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға екі теріс сандарды қосу, бірнеше теріс санды қосу жөнінде білім беру. Білімді оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека №16. Сабақтың типі: Жаңа материалды оқыту. Сабақтың түрі: Теориялық білім беру. Қолданылған әдебиеттер: «Анықтама» А.В. Гусеев. «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру. II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау. III. Жаңа материалдарды игеру кезеңі: Есеп: Түсте ауаның температурасы -30С болды, ал кешке -40С-қа төмендеді. Кешке ауаның температурасы неше градус болды? Шешуі: Ол үшін 30С-қа -40С-ты қосу керек, яғни -3+(-4)= -7. Анықтама: Теріс сандарды қосу үшін: · Қосылғыштардың модулдерін қосу керек; · Шыққан санның алдына минус таңбасын қою керек; Мысал:дар: -8+(-11)=-(8+11)= -19; -0,3+(-0,9)=-(0,3+0,9)= -1,2; -1/6+(-3/5)= -(1/6+3/5)= -23/30; Анықтама: Екі теріс санның қосындысы теріс сан. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік заңдары рационал сандар үшінде дұрыс. IV Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау: · Теріс сандарды қосу ережесі; · Бірнеше теріс сандардың қосындысы қандай сан? V. Жаңа материалды: № 402,№403,№404,№405,№406,№407 есептерін шығару арқылы бекіту. VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге №408-№413. 2) Сабақты қортындылау. Математика 6-сынып Тексерген: ---------------------------- Теріс сандарды қосу. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға теріс сандарды қосу тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру, тиянақтау. Оқушылырдың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека №16. Сабақтың типі: Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жетілдіру. Сабақтың түрі: Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ. Қолданылған әдебиеттер: «Анықтама» А.В. Гусеев. «Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген: №408-№413 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою. III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру: · Теріс сандарды қосу ережесін тұжырымда; · Екі теріс санның қосындысы қандай сан болады? · Бірнеше теріс санның қосындысы қандай сан? IV Сынып жұмысында: №414,№415,№416,№417,№417,№418,№421 (№415-№417 жұп нөмерлері) есептерді шығару. V Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге №415-№417 тақ нөмерлері, №419,№420. 2) Сабақты қортындылау.
|