Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оптоталшықты Ethernet
Деректерді беру ортасы ретінде 10 мегабиттік Ethernet оптиклық талшықты қолданады. Оптоталшықты стандарттар кабельдің негізгі түрі ретінде арзан көпмодты оптикалық талшықты ұсынады, ол кабельдің 1 шақырым ұзындығында 500-800 МГц өткізу жолағына ие.
Функционалдық түрде оптикалық кабельдегі Ethernet желісі 10Base-Т желісі сияқты элементтерден тұрады – желілік адаптерлер, көппортты қайталаушылар және адаптерді қайталаушының портымен жалғастыратын кабель кесіндісі.
FOIRL (Fiber Optic Inter-Repeater Link) стандарты Ethernet желілерінде оптоталшықты қолдануға арналған 802.3 комитетінің алғашқы стандарты болып табылады. Ол 2500 м-ден артық емес желінің жалпы ұзындығында 1 шақырымға дейінгі қайталаушылардың арасындағы оптоталшықты байланыстың ұзындығына кепілдік береді. Желінің кез-келген түйіндерінің арасындағы қайталаушылардың барынша көп саны – 4. 2500 м барынша көп диаметрге бұл жерде қол жеткізуге болады, бірақ барлық 4 қайталаушылардың арасындағы кабельдердің, және де қайталаушылар мен соңғы түйіндердің арасындағы барынша көп кесіндіге рұқсат етілмеген - әйтпесе желінің ұзындығы 5000 м болады.
10Base-FL стандарты FOIRL стандартының аздаған жақсартылуы болып табылады. Берушілердің қуаттылығы көбейтілген, сондықтан түйін мен концентратордың арасындағы барынша көп қашықтық 2000 м–ге дейін көбейтілді. Түйіндердің арасындағы қайталаушылардың барынша көп саны 4-ке тең болып қалды, ал желінің барынша көп ұзындығы – 2500 м.
10Base-FB стандарты тек қана қайталаушылардың қосылуына арналған. Соңғы түйіндер бұл стандартты концентратордың портына қосу үшін қолдана алмайды. Желінің түйіндерінің арасында бір сегменттің барынша көп ұзындығы 2000 м болғанда және желінің барынша көп ұзындығы 2740 м болғанда, 5-ке дейінгі 10Base-FB қайталаушыларын орнатуға болады.
10Base-FB стандартындағыдай Ethernet оптоталшықты стандарттары концентраторларды тек қана тармақтәріздес иерархиялық құрылымға қосуға рұқсат етеді. Концентратордың порттарының арасында кез-келген ілмектердің болуына рұқсат етілмейді.
|