Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Минералдардың қасиеттері





Жер қыртысында 3000-дай минералдар бар. Гравитациялық байыту процестерінің технологиясында 250-дей минералдар қатысады. Кен байытуда, яғни минералдарды бір-бірінен бөлуде, олардың қасиеттерінің айырмашылықтары пайдаланылады. Оларға жататындар: минералдардың химиялық құрамы, физика-химиялық және физика-механикалық қасиеттері. Минералдардың физикалық қасиетіне жататындар: тығыздық немесе меншікті салмақ, ток, жылу өткізгіштік, магниттілік, кристалдар пішіні, түсі, жылтырлық, қаттылық, радиоактивтілік.

Химиялық немесе физика-химиялық қасиеттеріне минералдардың су жұқтыруы, суда, әртүрлі ерітінділерде еруі, су ішіндегі заттарды өз бетіне жинауы (адсорбция) жатады.

Гравитациялық процестерде минералдардың келесі айырмашылықтары пайдаланылады: тығыздығы, пішіні, қаттылығы, түсі, жылтырлығы, ток өткізгіштігі, су жұқтыру, магниттілігі.

Минералдың тығыздығы кен кесегіндегі минералдық түйіршіктің массасының оның көлеміне W қатынасы:

S=m/W, (1)

мұнда S- минерал тығыздығы, кг/м3;

m- түйіршік массасы, кг;

W- түйіршіктің көлемі, м3

Кестеде кейбір минералдар тығыздықтарының шамасы келтірілген. Минералдар тығыздықтарының абсолюттік мөлшерлері 1300 ден 19300 кг/м3-дейін өзгереді.

7-кесте. Минералдарды тығыздық бойынша сипаттау

Минерал Химиялық формула Тығыздық, кг/м3 Пайдалы компонент Минералдағы пайдалы компоненттің үлесі, %
Сап алтын Галенит Молибденит Пирит Сфалерит Халькопирит Касситерит Кварц Ильменит Магнетит Хромит- хромшпинелидтер Кальцит Магнезит Сидерит Барит Шеелит   Гематит Пиролюзит Көмір Au PbS MoS2 FeS2 ZnS CuFeS2 SnO2 SiO2 (Mg,Fe)TiO3 Fe3O4 (Fe,Mg)Cr, AlFe2O4 CaCo3 MgCO3 FeCO3 BaSO4 CaWO4   Fe2O3 MnO2 C 19300 дейін 7400-7600 4300-5000 4900-5200 3900-4100 4100-4300 6100-7300 4400-5000 4500-5300 4000-4800   2700-2730 3500-3900 4300-4500   5000-5200 1300-1800 Алтын Қорғасын Молибден Темір Мырыш Мыс Қалайы Кремний Титан Темір Екі тотықты хром Тотық Магний тотығы Темір Барий тотығы Вольфрамның үштотығы Темір Марганец - 100 дейін 86,6 59,94 46,55 67,10 34,36 78,8 46,7 31,6 72,4 68,0   56,0 47,6 48,3 65,7 80,6   70,0 63,2 -

Кенді өңдеу операцияларында заттың ірілігіне көп көңіл аударады, өйткені осы операциялардың өнімділігіне және тиімділігіне заттың ірілігі көп әсер етеді. Соған байланысты кеннің жеке кесектерінің және олардың аралас қоспасының ірілігін бағалау қажет. Пайдалы қазбаның жеке кесектері (түйіршіктері) әдетте дұрыс пішінді (мысалы куб, домалақ) болмайды. Сондықтан кесектің ірілігі оның орта диаметрін табу арқылы бағаланады. Егер кесектің массасы және кеннің не минералдың тығыздығы белгілі болса, онда орта диаметр кесектің орта эквивалентті диаметрі, демек пішіні дұрыс кесектің көлеміне тең шардың диаметрі ретінде табылады.

. (2)

. (3)

Түйіршіктердің пішіні минералдардың табиғатына тәуелді. Шашыранды кенорындарының минералдық түйіршіктер пішіні өзендердің ағын сулары әсерінен доғалдау боп келеді.

Түпкі кенорындарындағы минералдар түйіршіктерінің пішіні, дұрыс пішінді болмайды, кейбірде кристалдардың пішініне сәйкес боп келеді. Көмірдің пішіні қырлы, жанартастың –қатпарлы, асбестікі –инелі, магнетиттікі –кубқа жақын.

Түйіршіктердің пішіні, оның пішін коэффициентімен сипатталады, ол дұрыс пішінді шар бетіне теңестірілген (түйіршіктің эквивалентті диаметрі) түйіршік бетімен пішіні дұрыс емес түйіршік беті (пішіні дұрыс емес түйіршік размері) арасындағы қатынасқа тең:

, (4)

мұнда -пішін коэффициенті; Sш-шар беті;

S- пішіні дұрыс емес түйіршіктің беті.

Төменде пішін коэффициентінің ()шамалары келтірілген:

шар түрлі -------------1,0:

доғаланған -----------0,8-0,9;

қырлы -----------------0,7-0,8;

қатпарлы -------------0,6-0,7

Date: 2015-05-18; view: 1979; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию